Теректі ауданының Әкімдігі Ауылшаруашылығын жүргізу үшін арналған жер телімін беру үшін конкурсын 2021 жылдың 19 мамырдағы сағат 10.00-де Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Федоровка ауылы Сұңқар көшесі 18 мекен-жай бойынша Теректі ауданы Әкімдігінің кіші залында өткізеді.

 

Жер телімінің тізімі

 

Лот №

Жер телімінің қысқаша мазмұны, соның ішінде: құрамы мен түрлері, бонитет балы (әрі қарай–балл б.)

Ауданы,
га

Жалға беру мерзімі, жыл

Жер телімінің орналасқан жері (шаруашылық пен елді мекен арасының орташа қашықтығы)

1

жайылым, орташа балл б. - 27

850

10

Ақжайық а/о, Суттигендеа. дейін– 2,1 км

2

егістік, орташа балл б. - 27

92

10

Ақжайық а/о, Ақжайық а. дейін – 2,7 км

3

жайылым, орташа балл б. - 27

160

10

Ақжайық а/о, Абай а. дейін – 2 км

4

жайылым, орташа балл б. - 27

472

10

Ақжайық а/о, Абай а. дейін – 4,3 км

5

егістік, орташа балл б.  - 31

200

10

Ақсуат а/о,  Аксуата. дейін – 13,7 км

6

 

егістік, орташа балл б. - 29

436

10

Богдановка а/о, Сарсенова а. дейін  – 4,3  км

7

егістік, орташа балл б. - 31

552

10

Долин а/о ,Долин а. дейін – 9,6  км

8

егістік, орташа балл б. - 31

265

10

Долин а/о, Тонкерис а. дейін  – 6,3  км

9

егістік, орташа балл б. - 27

530

10

Покатиловка а/о, Покатиловка а. дейін 9,1  км

10

егістік, орташа балл б. - 22

6

10

Шаған а/о. Кемер а. дейін – 3,4  км

11

егістік, орташа балл б. - 22

53

10

Шаған а/о.. Бекей а дейін  – 8,1  км

12

жайылым, орташа баллб. - 19

1576

10

Шағатай а/о . Кызылжар а. дейін  – 0,4

13

жайылым, орташабалл б. - 19

286

10

Шағатай а/о . Құтсиық а. дейін  – 1,7  км

14

жайылым, орташабалл б. - 16

700

10

Шалқар а/о Сары Өмір а. дейін – 7,2 км

15

жайылым, орташабалл б. - 16

2400

10

Шалқар а/о  Дуанаа. дейін– 7,2 км

 

(Мәтіндегі қысқартылым: балл б.- бонитет балы, а/о. - ауылдық округ, а. - ауыл, қ.- қала)Жер телімін беру шарты – ауылшаруашылығын жүргізу үшін. Міндетті талап - мақсатқа сәйкес жерді ұтымды пайдалану.

Конкурсқа қатысушы ретінде тіркелу үшін жеке басын куәландыратын құжат және конкурстық өтінім беру қажет.

 

Конкурстық ұсыныста болуы қажет:

1) конкурсқа қатыға арналған өтінім;

2) конкурстық ұсыныс;

 Конкурстық ұсыныста:

      1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);

      2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау;

       3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 268 бұйрығымен бекітілген (мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11549 болып тіркелген) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуы тиіс.

      Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.

Конкурстық ұсынысты, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде "шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс" және " жылғы __________"_____ " дейін ашуға болмайды" (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.

Конкурсқа қатысушыларды тіркеу мына мекен-жай бойынша жүргізіледі: Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Федоровка ауылы Сұңқар көшесі 20 үй Теректі ауданының жер қатынастары бөлімі. Конкурстық құжаттарды қабылдау 2021 жылдың 26 сәуірнен  бастап 2021 жылдың 18 мамыр күні сағат 12.00 – де аяқталады.

 Конкурс бойынша қосымша ақпаратты (өтінім формасы мен конкурс ережелері) келесі сайт бойынша қарауға болады: https://www.terekta-bko.gov.kz/ немесе телефон арқылы 8(71132)-23-3-49 - «Теректі ауданының жер қатынастары бөлім» ММ.