Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығында Аңқаты ауылының тұрғыны «Қазақтелеком» АҚ филиалы Батыс аймақтық телекоммуникациясы дирекциясының телефонисті Келіс Сақпаев аудан әкімі Арман Кәрімұлы Өтеғұловтың қолынан ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің жарлығымен «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен наградталды. Сондай–ақ мерекеде Аңқаты ЖОББ мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ахметова Латипа Жоламанқызы Теректі ауданының әкімі Арман Кәрімұлы Өтеғұловтың атынан алғыс хат иегері атанды.

Барша ауылдастарымызды және марапат иелерін шын жүректен мерекемен құттықтаймыз. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға толағай табыс тілейміз.