Әскери-тарих музейінде 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезінде қаза болған және хабар-ошарсыз кеткен қазақстандық жауынгерлердің есімдері мен жерлеу орындарын белгілеу жұмыстары жүргізілуде, алынған ақпарат жүйелендіріліп, арнайы мәліметтер базасында жинақталады.

Осы жұмыс аясында Қазақстан Республикасындағы Германия елшілігінің қолдауымен концлагерьлерде болған қазақстандық әскери тұтқындардың карталарын іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні жүздеген әскери тұтқындар туралы ақпараттар енгізілді.

Тұтқында болған қазақстандықтарды еске сақтау мақсатында кестеде көрсетілген әскери тұтқындардың туыстары іздестірілуде. Толық мәлімет 8(71132) 21-3-41, 8(71143) 93-2-12.