8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай еліміздің барлық өңірлерінде ақжаулықты әжелеріміз бен аналарымыз ұлықталып, құрметке бөленіп жатыр.

Осындай игі шарадан Теректі ауданының, Аңқаты ауылдық округіде тыс қалмады. Тыл ардагері, батыр ана, торқалы тоқсан жасқа жетіп қалған Беляева Екатерина Тимофеевна әжеміз бен алтын алқалы ана, жеке кәсіпкер Таубаева Самал Саматқызын аудан әкімінің орынбасары Шарафутдин Қуаныш Серікұлы 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтап келді. Қуаныш Серікұлы ардагер әже мен кәсіпкер анаға тілектерін айта келе құттықтау қағазы мен сыйлық табыстады.