Округ әкімі А.Нурушева 2019 жылда атқарылған облыстық және аудандық көлемдегі көптеген мәдени және ұлттық-спорттық шаралар мен үкімет тарапынан халықтың әл-ауқатын жақсартуға арналған жастарға, көп балалы аналарға және аз қамтылған отбасыларға берілген гранттар мен несиелердің көптеп берілгенін айтты. Өз кезегінде аудан әкімі Ә.Жоламанов 2019 жылы аудан бойынша атқарылған іс шараларды айта келе, биылда үкімет тарапынан халықтың тұрмыс тіршілігін көтеруге бағытталған бағдарламалар жалғасын табатынын және осындай өте тиімді мүмкіндіктерден тыс қалмау керектігін түсіндірді. Есептік кездесуден соң аудан әкімі Ә.Жоламанов және аудандық бөлім басшылары округ тұрғындарына қабылдау жүргізді. Қабылдау аясында тұрғындардың мәселелі сұрақтары қаралып, әрқайсысына тиісті жауаптар мен кеңестер берілді.