Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 тамыздағы №190 «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғарғы оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына байланысты Аңқаты селолық округінің әкімі А.Нурушева округ аумағында орналасқан елді мекендердің тұрғындарымен жоспар бойынша кездесу өткізді. Есептік кездесулерге аудан әкімінің орынбасары Қ.Шарафутдин, аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Е.Исеев, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А.Даубаев, мекеме басшылары және ауыл тұрғындары қатынасты. Кездесу барысында округ әкімі округтің әлеуметтік  экономикалық дамуының қорытындысы  және 2019 жылы атқарылған жұмыстарының есебін берді. Тұрғындарды толғандырып жүрген мәселелермен танысып, аудандық жұмыс жоспарына енгізілетіндігін және осы мәселелерді шешу бағытында жұмыстар атқарылатындығын айтты.