Жаңалықтар

Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы мен қауіпсіздігі туралы алаңдаушылығы кез-келген өркениетті қоғамның негізгі бағыттарының бірі болып табылады, себебі бұл тек денсаулығына ғана емес, ұлттың өркендеуіне де байланысты жас ұрпақтың денсаулығына 

6-шілде күні   Аңқаты селолық округінің Мәдениет үйінің алаңында  «Астана  қаласының 20-жылдығы» мерекесіне орай «Астана елімнің жүрегі» атты мерекелік кеш оздырылды. Алғашқы сөз кезегі Аңқаты селолық округінің әкімі Е.Молдахметов ауыл тұрғындарын мерекемен құттықтап, алғыс хаттар табыстады.Кешімізде ауылдың жастары, мәдениет үйінің көркемөнерпаздары, «Ақ Ерке» әжелер ансамблі, «Гүлдер би ансамблі» өнерлерін көрсетті.

23 маусым Мемлекеттік қызметшілер күні мерекесіне орай Аңқаты ауылдық кітапханасында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындаудан бастау алды. Шара барысында мемлекеттік қызмет жөнінде мағлұматтар беріліп, мемлекеттік орган қызметінің негізгі функционалдық бағыттарын түсіндіру жұмыстары жүргізілді.  Мәдени шараға орайластырып шағын көрме ұйымдастырылды. Көрме барысында сөз алған округ әкімі Е. Молдахметов “Мемлекетіміздің даму жолында мемлекеттік қызметкерлердің қосып жатырған үлес салмағы жоғары. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері Президентіміз Н. Назарбаевтың бастамасымен мемлекетімізді қалыптастырып, дамыту мақсатында ауқымды істер атқарылуда. Қазақстанның жетістіктерге жету жолында мемлекеттік қызметкерлердің еңбегінің ерекше екендігін ешкім де жоққа шығармайды” дей келе Аңқаты селолық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерін кәсіби мерекелерімен құттықтап алғыс хаттар табыстады. Шара шағын концерттік бағдарламамен өз жалғасын тауып қатынасушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады .

4 маусым Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне орай «Менің Туым, менің Елтаңбам, менің Гимнім» атты облыстық акция аясында мекеме қызметкерлерінің қатысуымен Мемлекттік Гимн орындалды.

Жергілікті атқарушы органдардың ашықтығын қамтамасыз етіп, билік пен халық арасындағы қарым-қатынастарды нығайту мақсатында 2018 жылдың 17 сәуірі күні сағат 14:00 – 16:00 аралығында Аңқаты ауылының мәдениет үйінде «Ашық әкімдік» ашық есік күні өткізілді.