Аңқаты ауылдық округі әкімі А.Нурушеваның 2019 жылы атқарған жұмыстары туралы баяндамасының тезистері

 

Бюджет және салық:

Жеке бюджет – 26 084 мың теңге.

Салықтар 2 516,16 мың теңге

 

Шағын және орта бизнес

 

Ауылдық округте 15 жеке кәсіпкер бар. Оның ішінде 4 адам сауда-саттықпен айналысса, 1 адам жолаушылар тасымалдаумен айналысады. Қалғандары мал шаруашылығы бағытында жұмыстануда.

Округ бойынша 3 азық түлік дүкені тұрғындарға қызмет көрсетеді.

«Бастау бизнес» курстарынан өтіп, сертификатқа ие болғандар қатары көбеюде. Солардың қатарынан: Аңқаты ауылының тұрғыны, көпбалалы ана Самал Таубаева  505 мың теңге қайтарымсыз несие рәсімдеп «АйАру» ЖК ретінде тіркеліп тігіншілікпен айналысуда, Аңқаты ауылының тұрғындары көпбалалы ана Гульнара Аубакирова және Қаламқас Едресова, Қандық ауылының тұрғындары Аслан және Назерке Қамешовтар қой малын өсіруде.

 

Агроөнеркәсіптік кешен

 

Округ бойынша 16 шаруа қожалық, 2 АӨК жұмыс жасауда. Олар негізінен мал шаруашылығымен айналысады.

 «Айсұлу» ШҚ – 1 481 га жерге күздік бидай, «Бақыт» ШҚ 418 га жерге қара бидай.

 Округте ветеринарлық қызмет бар.

 

Сумен қамту

 

 «Ақбұлақ» бағдарламасы шеңберінде Аңқаты ауылы ауыз сумен қамтылған, тұрғындар игілігін көруде. Қазіргі уақытта су құбырлары «Теректі Таза Су» ЖШС сенімгерлік басқаруында. Ал округке қарасты басқа елді-мекендер шахталы құдықтан су алып өмір тіршіліктеріне жаратып отыр.

 

Газдандыру

 

Округ бойынша әлеуметтік нысандар көгілдір отынға қосылған. Ауылдық округ бойынша үй саны – 322. Көгілдір отынға қосылғаны – 229.

 

Аңқаты

Ерсары

Қандық

Рыбцех

Үй саны

Газге қосылғаны

Үй саны

Газге қосылғаны

Үй саны

Газге қосылғаны

Үй саны

Газге қосылғаны

225

188

21

19

27

21

24

1

 

 

Автомобиль жолдары

 

Округ бойынша ауыл ішілік автомобильдер жолдарының жалпы ұзындығы – 14 км. Оның 2 км қатқыл жабынды, топырақ қабатты – 12 км. 12 км қанағаттанарлық, 2 км қанағаттанарлықсыз жағдайда. Аңқаты ауылы  ішіндегі  жолдардың әбден тозығы жеткен,  жөндеуді  қажет етеді.

 

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы

 

Округ бойынша  барлық елді мекендердің көшелері жарықтандырылды. 72 дана жарық беру шамдарымен қамтамасыз етілген.

 

Құрылыс

 

2019 жылы Аңқаты ауылының ұзындығы 35 м., ені 2 м. жаяу жүргінші көпіріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жалпы соммасы 1 180 000 теңге. Мердігер – «Zapad Alyans Group» ЖШС.

 

Жұмыспен қамту

 

          2019 жылы жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны 35 отбасы (183 адам). 85 тұрғын жұмыспен қамту орталығына жолыққандар, солардын қатарынан 39 адам жұмысқа орналасты. Аңқаты, Қаңдық ауылдарынан 16 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға  жіберілді.

         11 тұрғын кәсіби білім алуға жіберілді (газ қазандағы операторы, тәрбиеші көмекшісі, ветоператор). Жастар тәжірибесіне қатысқандар саны – 4, соның ішінде 1-і тұрақты жұмысқа орналасты.

 

Білім беру

 

 Округте  1 жалпы орта білім беретін мектеп, 1 бөбекжай бар. Жалпы оқушылар саны – 185, олардың 24-і мектеп жанындағы интернатта тұрады. Мектеп күрделі жөндеуді қажет етеді. Аңқаты ауылындағы «Балдырған» бөбекжайында 36 бала тәрбиеленуде.  

«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша 1 УАЗ көлігі тасымалдайды. Тасымалданатын оқушылар саны - 24.

 

 Денсаулық сақтау

 

Аңқаты ауылында  күндізгі стационар 1 отбасылық дәрігерлік емхана орналасқан. Округтің елді мекендерінде  4 фельдшерлік пункт бар. Олар Сатымшеген, Қандық, Ерсары, Рыбцех ауылдарында орналасқан. Округ 1 жедел жәрдем көлігімен қамтамасыз етілген.

 

Мәдениет және спорт

 

Ауылдық округте 250 орындық 1 мәдениет үйі, 2 кітапхана жұмыс жасауда. 5 үйірмеге 45 оқушы қатынасып, тәлім алуда. «Ақерке» әжелер ансамблі құрамында 8 әйел адам. Волейбол, футбол т.б. спорт түрлері бойынша әр түрлі деңгейдегі жарыстар жыл бойы өткізіліп келеді. Округтың тұрғындары аудан мен облыстың байқаулары мен фестивальдеріне қатынасып жүлделі орындардан көрініп жүр. Жыл сайын барлық мемлекеттік мерекелер өз деңгейінде аталып өтіледі.

 

Қоғамдық тәртіп

 

Ағымдағы жылы тіркелген  қылмыс – 12, 9 қылмыс ашылды.

 

Қоғамдық саяси жағдай:

 

Округте қоғамдық саяси ахуал тұрақты. Округте құрамында 85 адам бар бастауыш партия ұйымы жұмыс істейді.

   Округ аумағында  діни бірлестіктер,  этно-мәдени орталықтар жоқ. Округ аумағында діни ахуалдың тұрақтылығын сақтау және жергілікті тұрғындарды діни секталардан аулақ қылу мақсатында Аңқаты мәдениет үйінде, Аңқаты ауылдық кітапханасында, Аңқаты ЖОББ мектебінде  кездесулер мен дөңгелек үстелдер өткізіліп тұрады.

Алдағы жылда атқарылатын жұмыстар

·         Елді мекендердің санитарлық жағдайын қамтамасыз ету.

·         Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру.

·         Автокөлік жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

·         Осы сұрақтармен қатар Аңқаты  селолық округі әкімі аппаратында регламентке байланысты атқарылатын іс-шараларды мүлтіксіз және уақытында орындау

 

Аңқаты ауылдық округінің әкімі                                   А.Нурушева

 

 

 

 

 

 

 

? А.Ахметов

( 93- 2 - 12