Теректі ауданы Аңқаты ауылдық округі Аңқаты ауылындағы кейбір көше атауларын қайта атау туралы

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Аңқаты ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 14 маусымдағы № 5 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 20 маусымда № 5253 болып тіркелді

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Аңқаты ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Аңқаты ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Теректі ауданы Аңқаты ауылдық округі Аңқаты ауылындағы кейбір көше атаулары:

"Зеленая" көшесі - "Алаш" көшесі;

"Пролетарская" көшесі – "Сырым батыр" көшесі;

"Школьный переулок" көшесі – "Ыбырай Алтынсарин" көшесі;

"Комсомольская" көшесі – "Аңқаты" көшесі деп қайта аталсын.

2. Аңқаты ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Н.Исмурзиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4.Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Аңқаты ауылдық округінің әкімі                    Е.Молдахметов