Аңқаты ауылындағы Аңқаты ЖОББ мектебінің ғимараты 1968 жылы салынған, мектеп жанынан салынған қосымша құрылыс 1983 ж іске қосылды. Мектеп директоры - Ғаббасов Нұрлан Ерсаинұлы, білімі – жоғары.  Мұғалімдер саны – 38; жоғары санатты – 2, І санатты – 11, ІІ санатты – 11. оқушылар саны – 188, 2015-2016 оқу жылына бірінші сыныпқа 30 оқушы қабылданды.

Жөндеу жұмыстары жүргізілген жоқ. 

Аңқаты ауылындағы «Балдырған» бөбекжайы 1969 жылы салынған бір қабатты ғимаратта орналасқан. 43 бала тәрбиеленеді. Балабақшада 8 педагог жұмыс жасауда. Соның ішінде жоғары білімді – 5, арнаулы орта білімді – 3. Оқыту тілі – қазақ. Балабақша 2000 жылы ашылды. Меңгерушісі Айғалиева Ляззат Аманжолқызы.

Материалдық-техникалық база: МДМ тиісті жабдықтармен, жиһаздармен, ойыншықтармен, техникалық кұралдармен, оқыту кезінде қолданылатын әдебиеттермен қамтамасыздандырылған.

Аңқаты ЖОББМ жанындағы интернаттың ғимараты 1970 жылы ашылған. Интернат меңгерушісі – Гельманова Калима Амиргалиевна, білімі-жоғары. Тәрбиешілер саны-3 ; ІІ санатты-1. І санатты-1. Тәрбиеленушілер саны-53.

2008 жылы ғимарат күрделі жөндеуден өтті. Жөндеу жұмыстары жүргізілген жоқ.

Оқушыларды тасымалдау

Аңқаты ЖОББ мектебі жанындағы интернатта жататын 35 оқушыны  2 жұмада 1 рет ауылдарына  тасымалдау ұйымдастырылған.