• КОРОНАВИРУСТАН ҚАЛАЙ ҚОРҒАНУҒА БОЛАДЫ!

    03.04.2020 "Добавить комментарий Толығырақ  
  • 8 наурыз халықаралық әйелдер күні

    11.03.2020 "Добавить комментарий

    8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай еліміздің барлық өңірлерінде ақжаулықты әжелеріміз бен аналарымыз ұлықталып, құрметке бөленіп жатыр.

    Толығырақ

Құрметті Аңқаты ауылдық округі әкімдігінің ресми сайтына келушілер!

Аңқаты ауылдық округі Теректі ауданы Батыс Қазақстан облысы көлемінде танымал, мал шаруашылығы және егін шаруашылығымен айналысатын ірі ауылдық округ.

Аңқаты ауылдық округі–соғыс батырлары мен атақты еңбеккерлердің, мәдениет және қоғам қайраткерлерінің отаны.

Округте ет бағытындағы ірі қара мал–қазақтың асыл тұқымды ақбас сиырын өсіреді.

Біздің сайтымызға келушілер ауылымыздың тарихымен танысып, әлеуметтік–экономикалық дамуы туралы білуге, өзін қызықтыратын сұрақтарға жауап алып, алынған шешімдерге ұсыныстарын енгізуге жағдай жасалып отыр.

Біздің сайт ашқандағы мақсатымыз–«электрондық үкімет» бағдарламасын іске асыру, мемлекеттік органдардың нәтижелі қызмет жасауын қамтамасыз ету. Әкімдіктің ресми сайты көпшілік тұрғындардың ой–пікірлерін қаперге алып, ауылдық округтің алға басуына қызмет ететініне сенімдімін.

Біз Теректі ауданының және тәуелсіз Қазақстанның өркендеуі үшін өзара тиімді қарым–қатынас жасауға әзірміз!

Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Құрметпен,

Аңқаты ауылдық округінің әкімі

Нурушева Айнұр Бақытжанқызы